Миссиясы: Қазақстанда жер асты суларын пайдалану кезінде экономикалық тиімділік пен экологиялық тұрақтылықты ғылыми-техникалық қамтамасыз ету.

Зерттеудің негізгі бағыттары:

  • Жер асты суларының кен орындарын іздеу, барлау және игеру
  • Жер асты суларын көп мақсатты пайдалану және қорғау
  • Климаттық және техногендік өзгерістер жағдайында жер асты суларының қалыптасуын зерттеу.
  • Ауыз сумен жабдықтау, жерді суару және ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау үшін жерасты суларын басқарудың болжамды сценарийлерін әзірлеу
  • Гидроминералды шикізат пен гидрогеотермалдық ресурстарды көп мақсатты пайдалану.
  • Гидрогеологияның қолданбалы мәселелерін шешу үшін математикалық және геоақпараттық модельдеудің әдістері мен технологияларын әзірлеу.