Грант жобасы: ИРН AP09260877«Жамбыл облысының ауылдық жерлерін тұрақты дамыту үшін жерасты суларының шапшымалық (өзінше ағу) пайдалану перспективасын бағалау», ғылымижоба жетекшісі-Аденова Д.К.

 

Жобаның мақсаты

Жамбыл облысының ауылдық жерлерін тұрақты дамыту үшіншапшымалық (өзінше ағу) пайдалану кезіндегі арынды артезиандық жерасты суларының потенциалынпайладану бойынша ғылыми негіздеу және геоақпараттық басқару шешімдерін қамтамасыз ету.

Жобаның міндеттері

Жобаның мақсатына жету үшін келесі міндеттерді жүзеге асыруы жоспарланған:

1) Су нүктелерінің санитарлық-экологиялық және техникалық жағдайын бағалай отырып, суы өздігінен төгілетін гидрогеологиялық ұңғымаларды экспедициялық зерттеу және сынау.

2) Климаттық факторлардың және антропогендік жүктемелердің әсерінен Жамбыл обласының арынды жерасты су ресурстарын қалпына келтірудің серпімді және сыйымдылық қорларының өзгеру тенденциясын талдау және бағалау.

3) Жамбыл облысының ауылдық жерлерін тұрақты дамыту, жағдайы мен болашағы, оларды пайдалану үшін потенциалды артезианды шапшымалық пайдалану суы өздігінен төгілетін ұңғымалардың жерасты суларын талдау және бағалау.

4) Жайылымдарды суландыру мен жерді суару үшін, потенциалдық шапшымалық пайдаланудағы жерасты суларын бағалау үшін, Жамбыл облысы аймағының арынды артезиандық сулы қат-қабаттардың және өздігінен төгілетін ұңғымалардың геоақпараттық негізгі базаны қалыптастыру.

5) Бағалау, болжау және басқару шешімдерін қабылдау, оларды пайдалану және қорғау үшін Жамбыл облысының суы өздігінен төгілетінарынды жерасты су ресурстарының геоақпараттық және аналитикалық ішкі жүйені жасау және құру.

 

Қазақстан тұрғындарының өмірі мен денсаулығын сақтауға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету қажеттілігі «Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың жалпы схемасының негізгі ережелерінде» көрсетілген.Еліміздің аймақтарын, оның ішінде Жамбыл облысы үшін дамудың негізгі бағыттарында жеміс-көкөніс, қант қызылшасы, етті-сүтті мал өсіруді дамыту 2050 жылға дейінгі агроөнеркәсіп кешенінің басымдықтары ретінде қарастырылған.Облыстық әкімдікте суармалы жерлер мен суарылатын жайылымдардың көлемін ұлғайтуға бағытталған бірқатар практикалық шаралар жүзеге асырылуда. Суы өздігінен төгілетін гидрогеологиялық ұңғымаларды игеру перспективалы бағыттардың бірі болып табылады.ҚР ЭГТМ Геология комитетінің мәліметтері бойынша(2010 ж.), облыс бойынша 500 суы өздігінен төгілетінұңғымалардың өнімділігі 3,0 м3/с дейін құрады.

Суы өздігінен төгілетін ұңғымаларды игеру кезінде суарудың негізгі әдісі, себу әдісі болып табылады, онда суару кезінде су шығыны азаяды, ағызу болмайды, топырақтың оңтайлы су режимі қамтамасыз етіледі және өсімдіктердің даму ортасында микроклиматтық көрсеткіштер жақсарады.

Арынды артезиандық суларының потенциалын игерудегі дүниежүзілік тәжірибесі мол. Су бассейнің неғұрлым сәтті басқаруда және судың өнімсіз ысыраптарының кейбір түрлерін жоюда, сондай-ақ артезиандық арынды жоғарылауының ғылыми негіздерін жасау үшін, (1989-1999 ж.)Австралия федералды деңгейдегі ұлы артезиан алабының ұңғымаларын қалпына келтіру бағдарламасы жасалынып шығарылды. Су қабылдайтын құрылғылары бар бақыланбайтын және тот басқан 1200 ұңғыманың маңызды бөлігі қалпына келтірілді.Кейбір аймақтарда ұңғымалардың арыны мен шығымының көбейтуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді.

Жобалық зерттеулердің ғылыми жаңалығы – ауылдық жерлерді тұрақты дамыту үшіншапшымалық (өзінше ағу) пайдалану кезінде оларды қолдану және қорғауға байланысты бағалау, болжау және басқару шешімдерін қабылдау үшін Жамбыл облысындағы арынды жерасты су ресурстарының геоақпараттық және аналитикалық ішкі жүйесін жасап және құрып шыгуда болып табылады.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері Жамбыл облысы аумағыныңсуы өздігінен төгілетін ұңғымалары мен арынды артезиандық сулы қат-қабаттардың геоақпараттық базасын қалыптастыру болып табылады, және  климаттық факторларымен антропогендік жүктемелердің әсерінен Жамбыл обласының арынды жерасты су ресурстарын қалпына келтірудің, серпімді және сыйымдылық қорларының өзгеру тенденциясынбағалауға мүмкіндігін береді.

Жобаның ұлттық және халықаралық ауқымдағы маңыздылығы мынада: ғылыми зерттеулер нәтижесінде отандық тәжірибеде алғаш рет шапшымалық (өзінше ағу) пайдаланудың  арынды артезиандық жерасты суларының бағалау дәрменіне тәсілдер мен әдістер пысықталады.Аймақтық деңгейде өзінше ағатың арынды артезиандық жерасты суларын пайдаланудыбасқару және қорғау болжамды сценарийлері ұсынылатын болады, бұл облыс әкімдігі мен аудан әкімдіктері, жобалық компаниялар мен жоғары оқу орындары үшін суды басқару саясатын қалыптастыру үшін маңызды практикалық қызығушылығын тудырады.

Зерттеу нәтижелері Жамбыл облысыныңсуармалы егіншілікті және жеміс-жидек пен жемдік дақылдардын өсірумен, сонымен қатар аймақтың одан әрі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы кезінді, ауылдық жерлерін тұрақты дамыту үшін маңызды болып табылады.

 

2021 жылдың негізгі нәтижелері.

  1. Жамбыл облысындағы суы өздігінен төгілетін гидрогеологиялық ұңғымалардың болуы, жобасы және жағдайы туралы нақты деректерді, қорларды және талдамалық мәліметтерді жинау, қорыту және талдау іс-шаралары жүзеге асырылды;
  2. Жамбыл облысының Мерке, Шу және Қордай аудандарының су нүктелерінің санитарлық-экологиялық және техникалық жағдайын бағалаумен экспедициялық барлау және суы өздігінен төгілетін гидрогеологиялық ұңғымаларды сынау жүзеге асырылды;
  3. Жамбыл облысының Мерке, Шу және Қордай аудандарының аумағындағы суы өздігінен төгілетін ұңғымалар мен арынды артезиандық сулы қабаттарының геоақпараттық базасы әзірленіп және қалыптастыруы жүзеге асырылды;
  4. Жамбыл облысының Мерке, Шу және Қордай аудандарының ауылдық аймақтарын тұрақты дамыту үшін арынды жерасты суларының шапшымалық пайдаланудағы, оларды пайдалану жағдайы мен болашағы талдананып және бағалананды;
  5. Геология және геофизика бойынша VI Байкал жастар ғылыми конференциясында мақала жарияланды.

 

Жобаорындаушыларының біліктілігі, жұмыс тәжірибесі,негізгі жарияланымдары, Хирш индексі, ғылыми өлшемдік базадағы профиліне сілтеме, мақсатқа және күтілетін нәтижелерге жету жолындағы рөлі туралы

МӘЛІМЕТТЕР

Р/б № Аты-жөні Ғылыми дәрежесі, атағы Білімі Түйіндеме (жұмыс тәжірибесі, негізгі жарияланымдары, Хирш индексі, ғылыми өлшемдік базадағы профиліне сілтеме, мақсатқа және күтілетін нәтижелерге жету жолындағы рөлі)
1 Аденова

Динара Киызбаевна

«6D075500 – Гидрогеология және инженерлік геология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) Жоғары,

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, «Экология» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдары магистрі

ГГПМЗ ҒҚ, БМҚ BR05236664 «Климаттық және антропогендік өзгерістер жағдайларында Қазақстан Республикасының жерасты суларын оңтайлы қолдану мен қорғауды ғылыми-әдістемелік және геоақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету» жобасының орындаушысы (2018-2020 жж.).

Негізгі жарияланымдары:

1. J. Sagin, D. Adenova, A. Tolepbayeva, V. Poryadin Groundwater resources in Kazakhstan. // International Journal of Environmental Studies, 2017, 74(3), с.386-398, SCOPUS IF 0.78, Procentil – 55.  DOI: 10.1080/00207233.2017.1288059

2. M.K. Absametov, D.K. Adenova, A.B. Nusupova Assessment of the impact of anthropogenic factors water resources of Kazakhstan. // News of the National Academy of sciences of the RK. Series Geology and technical sciences, 2019, 1(433), p. 248-254. DOI:org./10.32014/2019.2518-170X.30

Хирш индексі 2 (Scopus),

ORCID    0000-0001-7973-811X

ScopusID: 57191498571

Мақсатқа және күтілетін нәтижелерге жету жолындағы рөлі: гидрогеологиялық ақпаратты өңдеу және талдау, геоақпараттық модельдер құру, жарияланымдар мен есеп бөлімдерін дайындау

2 Муртазин

Ермек Жамшитович

Геол.-мин.ғыл.канд. Жоғары,

В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты

Мамандығы: гидрогеология және инженерлік геология

Директордың Ғылым жөніндегі орынбасары, «Климаттық және антропогендік өзгерістер жағдайларында Қазақстан Республикасының жерасты суларын оңтайлы қолдану мен қорғауды ғылыми-әдістемелік және геоақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету» жобасының орындаушысы (2018-2020 жж.).

Негізгі жарияланымдары:

1. Y.Z.Murtazin, O.L.Miroshnichenko, L.Y.Trushel, V.A. Smolyar, V.M.Mirlas Creation of computer models of the maps of groundwater availability in Kazakhstan// News of the Academy of sciences of the Republic Kazakhstan. Series of geology and technical sciences. – 2020. – № 2 (440). – P. 114-122, DOI:10.32014/2020.2518-170X.38

Хирш индексі 3 (Scopus).

Мақсатқа және күтілетін нәтижелерге жету жолындағы рөлі: іздеу-барлау жұмыстарын ұйымдастыру, геоақпараттық және математикалық модельдер құру, жарияланымдар мен есеп бөлімдерін дайындау.

3 Мирошниченко

Оксана Леонидовна

техн.ғыл. канд. Жоғары,

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті

Мамандығы: қолданбалы математика

ГГПМЗ ЖҒҚ, БМҚ BR05236664 «Климаттық және антропогендік өзгерістер жағдайларында Қазақстан Республикасының жерасты суларын оңтайлы қолдану мен қорғауды ғылыми-әдістемелік және геоақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету» жобасының орындаушысы (2018-2020 жж.).

Негізгі жарияланымдары:

1.V. Panichkin, J. Sagin, O. Miroshnichenko, Trushel L., Zakharova N., Yerikuly Z.&Livinskiy Y. Assessment and forecasting of the subsurface drain of the Aral Sea, Central Asia, International Journal of Environmental Studies // International Journal of Environmental Studies (2017), DOI: 10.1080/00207233.2017.1280321

2. Y.Z.Murtazin, O.L. Miroshnichenko, L.Y. Trushel, V.A. Smolyar, V.M. Mirlas Creation of computer models of the maps of groundwater availability in Kazakhstan// News of the Academy of sciences of the Republic Kazakhstan. Series of geology and technical sciences. – 2020. – № 2 (440). – P. 114-122, DOI:10.32014/2020.2518-170X.38

Хирш индексі 2(Scopus),

ORCID 0000-0002-0057-6734

Scopus ID:5683543500

Мақсатқа және күтілетін нәтижелерге жету жолындағы рөлі: гидрогеологиялық ақпаратты өңдеу және талдау, геоақпараттық және математикалық модельдер құру, жарияланымдар мен есеп бөлімдерін дайындау

4 Трушель

Людмила Юрьевна

геол.-мин.ғыл.канд. Жоғары,

В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты

Мамандығы: гидрогеология және инженерлік геология

ГГПМЗ АҒҚ, БМҚ BR05236664 «Климаттық және антропогендік өзгерістер жағдайларында Қазақстан Республикасының жерасты суларын оңтайлы қолдану мен қорғауды ғылыми-әдістемелік және геоақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету» жобасының орындаушысы (2018-2020 жж.).

Негізгі жарияланымдары:

1.V. Panichkin, J. Sagin, O. Miroshnichenko, L. Trushel, N. Zakharova, Z. Yerikuly& Y. Livinskiy Assessment and forecasting of the subsurface drain of the Aral Sea, Central Asia, International Journal of Environmental Studies // International Journal of Environmental Studies (2017), DOI: 10.1080/00207233.2017.1280321

2. E. Murtazin, O. Miroshnichenko, L. Trushel Structure of geoinformational and analytical system “groundwater resources and reserves of the Republic of Kazakhstan” //News of the Academy of sciences of the Republic Kazakhstan. Series of geology and technical sciences. – 2019. – № 3. – P. 21-29, 10.32014/2019.2518-170X.63

Хирш индексі 2(Scopus),

ORCID 0000-0002-9171-2761

Scopus ID:6504205318

Мақсатқа және күтілетін нәтижелерге жету жолындағы рөлі: гидрогеологиялық ақпаратты өңдеу және талдау, геоақпараттық және математикалық модельдер құру, жарияланымдар мен есеп бөлімдерін дайындау.

5 Сотников

Евгений Владимирович

«6D075500 – Гидрогеология және инженерлік геология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) Жоғары,

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, «Геология және ПҚК-лерді барлау» мамандығы бойынша бакалавр,

«Геология және ПҚК-лерді барлау» мамандығы бойынша техникалық ғылымдар магистрі,

«Гидрогеология және инженерлік геология» мамандығы бойынша PhD

ГГПМЗ АҒҚ, БМҚ BR05236664 «Климаттық және антропогендік өзгерістер жағдайларында Қазақстан Республикасының жерасты суларын оңтайлы қолдану мен қорғауды ғылыми-әдістемелік және геоақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету» жобасының орындаушысы (2018-2020 жж.);

«Геоақпараттық жүйелердің көмегімен гидрогеологиялық карталарды құрылымдаудың ғылыми-әдістемелік негізін дайындау» гранттық жобасы (2018-2020 жж.)

Негізгі жарияланымдары:

1. E.V. Sotnikov, V.M. Ibraimov “Update on the issue of formation conditions of operational groundwater reserves of layered groundwater systems based on the experience of exploitation. (On the example of Akshabulak groundwater well field)”. News of the National Academy of sciences of the Republic of Kazakhstan. Series Geology and technical sciences, Almaty, Vol. 5, Number 419 (2016), p. 138-143. ISSN 2518-170X Scopus.

2. V.M. Ibraimov E.V. Sotnikov, “The database structure in GIS (geographical information system) applied to the formulation of exploration works in hydrogeology”. News of the National Academy of sciences of the Republic of Kazakhstan. Series Geology and technical sciences, Almaty, Vol. 5, Number 419 (2016), p. 144-149. ISSN 2518-170X Scopus.

3. Zh. Onglassynov, A. Akylbekova,E. Sotnikov, K. Kanafin. T. Rakhimov, D. Balla “Implementation of the ers for yield analyzing of irrigated lands of South Kazakhstan. News of the National Academy of sciences of the Republic of Kazakhstan. Series Geology and technical sciences, Almaty, Vol. 4, Number 436 (2019), p. 113-120. ISSN 2518-170X Scopus.

Хирш индексі 1 (Scopus),

ORCID 0000-0002-3542-0983

Scopus ID: 57191498571

Мақсатқа және күтілетін нәтижелерге жету жолындағы рөлі: гидрогеологиялық ақпаратты өңдеу және талдау, геоақпараттық және математикалық модельдер құру, жарияланымдар мен есеп бөлімдерін дайындау

6 Тажиев

Султан Рысниязович

Жоғары,

Тараз мемлекеттік университеті, Су ресурстары және суды қолдану мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі.

 

ГГПМЗ ҒҚ, БМҚ BR05236664 «Климаттық және антропогендік өзгерістер жағдайларында Қазақстан Республикасының жерасты суларын оңтайлы қолдану мен қорғауды ғылыми-әдістемелік және геоақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету» жобасының орындаушысы (2018-2020 жж.).

Негізгі жарияланымдары:

1. Тажиев С.Р. Талас-Аса жерасты сулары кен орнының оңтүстік бөлігін Жамбыл облысының Жамбыл және Байзақ аудандарының кейбір ауылдары үшін қолданудың экономикалық ойға қонымдылығы.        //Академик Қ.И. Сәтбаевтың туылған күніне 120 жыл толуына, профессор К.В. Радугиннің туылған күніне 120 жыл толуына арналған Академик М.А. Усов атындағы ХХIII «Геология және жер қойнауын игеру мәселелері» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми симпозиумы, 2019 ж., Томск қ., I том, 395-397 б., ISBN 978-5-4387-0878-0 (1-т.)

2. Тажиев С.Р. Шу өзені мен Тасөткел суқоймасының Шу-Новотроицк кен орнының жерасты суларының эксплуатациялық қорларының қалыптасуына әсері. // XI «Ғылыми зерттеулердегі заманауи техника мен технологиялар» жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық конференциясы, 2019 ж., Бішкек қ., I том, 378-384 б., ISBN 978-9967-12-794-4

ORCID 0000-0002-5920-7757

Мақсатқа және күтілетін нәтижелерге жету жолындағы рөлі: гидрогеологиялық ақпаратты өңдеу және талдау, геоақпараттық модельдер құру.